«Әуесқой аулаудың» ашылуына байланысты Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2020 ж. 24 тамыздағы №144 «2020 ж. 05 қыркүйектен 2021 ж. 15 ақпан аралығында әуесқойлық және аңшылық кәсібінің ашылуы туралы» бұйрығының негізінде, «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзуына жол бермеу мақсатында жедел шараларды қолдану үшін 2020 жылдың 5 қыркүйек күні мемлекеттік инспекторлар құрамынан 3 патрульдық мобильды топтар құрылып, рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Фотосуретте: Қаражар көлі. 2-топ – кіші ғылыми қызметкер Батряков Р.Б., меминспекторлар: Искаков К.А., Дюсембаев Е.К., Шабдаров А.Т.