Переключение языков

Снимок экрана 2024 10 30 151300

27-қыркүйек Бүкілдүниежүзілік туризм күніне орай, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының экология ағарту бөлімінің мамандары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінің" "Жас эколог", "Жас туристер станциясы" үйірмелерінің оқушыларымен "Науырзым қорығы - біздің мақтанышымыз!" тақырыбында туған өлке табиғатына экскурсияға шықты.

Оқушылар Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының көрікті жерлері - Бұлақ соқпағы, Науырзым қарағайлы орманына саяхат жасап, өлкемізде өсетін эндемик өсімдіктермен танысты. Оқушылар аты аңызға айналған екі ғасырдың куәсі, екі адамның құшағы жетпес қарағайы бар орманның ішінде кең тыныстап, қылқан жапырақты ағаштардың адам денсаулығына шипасы жайлы мол мағлұмат алды.

MyCollages 10

Сарымойын көлдер жүйесіндегі айдын көлдің қас сұлулары, қызыл кітапқа енгізілген аққу құстарын бинокольдың көмегімен жақындатып көру мүмкіндігін пайдаланды. Сондай-ақ жас туристеріміздің жолы болып, қорығымыздағы ең ірі сүтқоректі бұланның бүтіндей бір отбасысын, аталығын, аналығын, бұзауын көрді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru