Переключение языков

Науырзым қасиетті жерің қандай
Шуақтанып нұрланған елін таңдай
Гүлі көктеп буырқанған  жерінде
Алтын бидай егілген егін қандай.
Қорығың бар белгілі аты алыстан
Меруерт көлден аққу тырна қатар ұшқан

Аспанында қыран құс қанат қомдап
Жер көгінде сан жануар алпарысқан.

Науырзым өрісі мол өткел едің
Орманында табылар көп керегін
Боз далаңа құлпырып көрік берер
Тобылғы тал қарағай көктерегің.

Бетегелі жусанды жазық далаң
Елік бұғы көбейіп қазық қылған
Атырабы құнарлы дархан жерді
Түлкі Қабан ор қоян азық қылған.

Науырзым  қызың балдай ұлың нардай
Көңілдерді кетердей мұның арбай
Асан қайғы жерұйық іздеп келсе
Күллі қазақ қадірлер құнын бардай

Науырзым қуат берер самал желің
Қоныс тепкен тұлғалар  сан әр белін
Жігіті жетік білген жеті өнерін
Әр намыстан құралған қамал едің.

Ер котерер елінің ауыр жүгін
Сондықтан ақын жазсын  тәуір жырын
Бар бейнеңді сөзбен айтып жеткізбеспін
Қасиетті қадірлі Науырзымым!

Жаукен Боранбай Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru