Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы экология ағарту бөлімінің мамандары «Парктер шеруі- 2023» Халықаралық табиғат қорғау акция аясында, Қостанай қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты оқушыларымен кездесті.
Оқушылармен дәріс сұрақ-жауап форматында өтті. Белсенді оқушыларға қорық эмблемасы бар футболка мен кепкалар сыйға тартылды.
Экология ағартушылары мектеп оқушыларына ағаш отырғызу әдісін түсіндіріп, мектеп-гимназия ауласына көшеттер отырғызылды. Іс шараның мақсаты: оқушылардың санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру. Туған жерді , қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.