Переключение языков

«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елдерінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Акция 2 айға созылады. Бұл акцияның басты мақсаты — жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік билігі бар органдардың алдында табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, қажетті ақпараттар легімен таныстыру.

«Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі бұл акцияны 2002 жылдан бері аудан орталығы мен селолық округтерде ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар парктер шеруі ережесі бойынша басқада ерекше қорғалатын табиғи аумақ мекемелерімен бірлесе жасау жұмыстары қарастырылған.
Осыған орай ағымдағы жылдың 23 мамыр күні «Парктер шеруі-2017» табиғатты қорғау акциясы барысында Нуырзым мемлекеттік табиғи қорығының бастауымен Қостанай облысы Амангелді ауданында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақ «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватына іс-сапармен барып қайтты.
Құшақ жая қарсы алған әріптестеріміз Б. Қолдасбаев атындағы мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Осы мерекелік іс-шараға қатысып, өз өнерлерін көрсеткен мектеп оқушылары Науырзым қорығының атынан сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru