Переключение языков

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Докучаев мектебінің акт залында Орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтілді. Мереке "Семей орманы" резерватында болған алапат өрттің салдарынан, қызыл жалын өртпен арпалыса жүріп қаза болған орманшылардың құрметіне арналған 1 минут үнсіздіктен басталды.

Алғашқы құттықтау сөз және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттау рәсімі, Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Амиров Нұрлан Курманкалиевичке берілді. Науырзым ауданының әкімі Ихтиляпов Мәди Өмірзақұлының Алғыс хатымен: 1.Турмагамбетов Темірлан Ақтасович
2. Нысанбаев Көрікбай
3.Избасаров Мақсұтхан  Жақсылықович
4. Мағзұм Нұртілеу Жұмабайұлы марапатталды.
Келесі құттықтау сөз алған қорығымыздың директоры Қойлибаев Дулат Ғауезханұлы қорық қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай отырып, "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің 3-ші дәрежелі төс белгісін Шаяхметов Қанатбек Қабденұлына  және дәл осындай төс белгіні Мукашев Абай Қойшыбаевичке табыстады.
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының директорының алғыс хатымен Науырзым ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің директоры, "Абилов" Шаруа қожалығының басшысы Абилов Бейсен Маратович, Науырзым аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Қадіржанов Нұрымжан Серікұлы және Науырзым қорығының шаруашылық меңгерушісі Хасенова Бану Нұржановна марапатталды. Директордың Құрмет грамотасымен және естелік сыйлығымен орман өрттерін сөндіру бөлімінің қызметкері Достияров Жұмабай Кубегенович, мемлекеттік инспектор Омаров Жандос Аманбаевич, Тапалов Дидарбек Сағиевич марапатталды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жоғары белсенділігі үшін Молдахметов Абай Дюсенбаевич марапатталды. Орман шаруашылығы кәсіби одағы Құрмет грамотасы мен алғыс хатын Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының кәсіподақ төрайымы- Нурмагамбет Алмагүл Өмірзаққызы табыстады. Марапатталғандар:
1. Каримов Наурызхан Сакенович
2. Нұржанов Болатбек Сағиевич
3. Шәкібаев Дулат Ахметұлы.
Науырзым қорығының ардагері Нысанбаев Көрікбай ағамыз құттықтау сөз сөйлеп, жас буын орманшыларды өз мамандықтарын сүюге, өз істерінің нағыз майталман шеберлері болып шығуларына тілектестігін білдірді.   Мереке аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru