Переключение языков

«Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ штат саны 64 қызметкер және штаттан тыс 23 жұмысшылар қызметтерін атқаруда.

Соның ішінде 22 қызметкердің жоғары дипломы және 18 қызметкерлердің арнайы орта білімі бар. Қалған қызметкерлер сырттай колледждерде білім алуда, осы жылы «Қостанай ауылшаруашылық колледжін» орман шаруашылық мамандығы бойынша 5 қызметкер диплом алу жоспарланған.

Ұйымдастыру бөлімінің мақсатына қызметкерлерді кәсібіне және мамандығына сәйкес қабылдауды, орналастыруды қамтамасыз етілген. Кадрлардың сандық және сапалық құрамы, олардың дамуы және қозғалысы туралы «Enbek kz» базасына қалыптастыру және жүргізу уақытылы орындалуда. Кадрларды олардың біліктілігін, жеке және іскерлік сапасын бағалау негізінде таңдау, іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, қызметкерлердің дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Еңбек заңнамасына, ережелерге, нұсқаулықтарға және ұйым басшысының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамның есебін жүргізуді, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек жолдары туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшаларын сақтау мен толтыруды және кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттамаларды жүргізуді, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыруға және марапаттауға ұсынуға арналған материалдарды дайындауды ұйымдастыру.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету.

«Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы»РММ Кадр және ұйымдастыру
бөлімінің инспекторы
А.Ө. Нұрмағамбет

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru