Қазан айының 17 күні Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.
Айтулы мереке қарсаңында, қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығына шыдас беріп, орман қорын сақтап, молайтыу мақсатында ұзақ жылдар бойы қызмет жасап жүрген орманшыларға құрмет көрсетілді.
Мереке барысынды Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қойлыбаев Дулат Ғауезханұлы қорық қызметкерлерін орман шаруапшылығы қызметкерлер күнімен құттықтап, орман қорғауда, күзетуде атқарып келе жатқан еңбектері үшін үздік қызметкерлерді марапаттады. Қорық директорының орын басары М.Ө.Шалдыбаев мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыс ауқымын айтып өтті.
Мемлекет басшысы да аталған салаға ерекше назар аударып отыр. Сол себепті Орманшылар алдында үлкен мәселелер тұр. Бұл орман алқаптарын молайту, саладағы ғылыми жұмыстарды жандандыру және жаңа технологияларды енгізумен қатар осы бағыттағы жұмыстарға жаңа екпін беру болып табылады.
Орман – бұл ресурс, біз орманды қорғаймыз және еліміздің экономикасы үшін пайдаланамыз. Елімізде өрттерден ормандарды қорғау қызметі бойынша республикамызда көп жұмыс атқарылып жатыр, жыл сайын орманды қалпына келтіру жұмыстары, экологиялық ағарту және білім беру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл біз үшін орманның қаншалықты құнды және маңызды екенін көрсетеді.