Переключение языков

Қорық аумағына келушілердің сондай-ақ, кейбір азаматтардың табиғат аясында демалып, жаққан оттың толық өшірілмеуі, сөнбеген темекі қалдықтары, құрғақ шөптің маңайында қалған шыны бөтелкелердің әсерінен де тұтанады.

Бұл ‒ көбіне құрғақшылық кезеңдерде, ерте көктем мен күз мезгілінің аралығында пайда болатын апат. Қорық аумағында өрт қаупі болмау үшін осы мақсатта қорық маңындағы елді мекендер мен ауылдық округ тұрғындарына да үгіт-насихат жұмыстары жиі жүргізіледі. Үнпарақтар таратылып, арнайы дәріс оқылады. Сондай-ақ орманды өрттен сақтауға шақыратын қорық ішіндегі аншлагтар да жаңартылады. Мұндағы басты мақсат – дала өртін болдырмау, табиғи байлықты сақтау. Өрт желдің күшіне, бағытына қарай өршиді. Ол пайда болған жағдайда өсімдіктер мен жануар түрлерінің азаюына және жойылуына әсерін тигізетіні белгілі. Ағаш қорын кемітумен қатар оның өсуін де нашарлатады. Жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді.

Сол үшін табиғат аясында ұйымдастырылған демалыста және басқа да уақытта өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керек. Өрт оқиғасы байқалған жағдайда құзырлы органдарға ертерек хабарлап, оның кең көлемде таралмауына ықпал жасау – әрбір азаматтың табиғат алдындағы міндеті.

 

Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің
мемлекеттік инспекторы Шалдыбаев Б.Ж

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru