Орман — табиғаттың асыл қазынасы. Ол тек қана көркем көрініс емес, адамның өмір сүруі үшін ауа, су, ылғал және тепе-теңдік беретін тіршілік иесі. Сондықтан да «Орман – жердің өкпесі» деп бекер айтылмаған. Алайда қазіргі таңда орман өрттері жиілеп, табиғатқа орасан зиян келтіруде. Бұл — тек ағаштың ғана емес, тұтас экожүйенің, жан-жануарлардың, ауаның, су көздерінің зардап шегуі деген сөз.
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Қостанай облысының Наурызым, Әулиекөл ауданы құрамына кiредi.
Қорық ормандарында құрғақ топырақты құмында қарағай ағаштары басым, тоғай ауданы 30% құрайды, ал климаттық шарттары бойынша жылы уақытқа ауаның жоғары температураларымен, жауын-шашынның аздығымен және ылғалдылықтың аздығымен сипатталып, қорықтың барлық аумағы табиғи өрт қауіпті тобына жатқызылған.
Ормандардағы табиғи өрт қауіп дәрежесі жоғары. Қорықтың барлық аумағы табиғи өрт қаупінің I санатына жатады. Орман өрттерінің туындауы мен дамуына метеорологиялық факторларына температура, ауа ылғалдылығы, жауын-шашын, желдiң жылдамдығы анықтаушы әсер етеді. Бұл көрсеткiштер кешенді түрде өрт қауiптi кезеңінің ұзақтығын қалыптастырады.
Ормандар мен дала өрттерін профилактикалау мақсатында қорық аумағына жапсарлас орналасқан аумақтың жер пайдаланушыларға «Ормандардағы өрт қауiпсiздiгiн басқаруды орындалу туралы» ұйғарым берілген. Жергiлiктi халықпен әңгiмелесу жүйелi түрде өткізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарына өртке қарсы және табиғи ортаны қорғау тақырыбында мақала жарияланады. Келушiлерге және туристер арсында ормандардағы өрт қауiпсiздiгiне арналған үн парақтар үлестіріп, түсіндірме жұмыстар жүргізілед.
Радиостанциядағы қорықтың орталық кеңсесінде және телфондық байланысы тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырылған. Өрт-қадағалау мұнарада, барлық жарық арқылы күнi бойы бақылау жүргiзедi. Өрт қауiптi маусымда минералдалған жолақтарға және өрт жолындағы үзiлiмдерді механикалық күтім үнемi өткiзедi.
«Өртенбесін орманың, орман сенің қорғаның» деген сөз – терең мағыналы үндеу. Орман өртенсе, ол қайта қалпына келуі үшін ондаған жылдар қажет. Әрбір ағаш – жылдар бойғы еңбек пен табиғаттың тынысы. Ал бір сәттік немқұрайлылық — тұтас алқаптың күлге айналуына себеп болуы мүмкін.
Орман – адамзатқа қорған. Ол ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Орман болмаса, жауын-шашын азаяды, топырақ эрозияға ұшырайды, су көздері тартылып, климат өзгереді. Сонымен қатар, орман – жануарлар мен құстардың мекені, өсімдіктердің ошағы. Әрбір ағаш –біздің болашағымыз. Әрбір қайталанған экологиялық қауіпсіздік нормасы –біздің келешек ұрпаққа лайықты мұра. Орманды қорғау –қоғамды, табиғатты және өзімізді қорғау.