Переключение языков

2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл — еңбектің қадірін білетін, маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларға деген зор құрметтің белгісі. Осындай еңбек адамдарының қатарында табиғаттың тылсым тыныштығын сақтауға өз үлесін қосып жүрген ерекше мамандық иесі тракторшы әрі күзетші Утегенов Арыстан Аскарович ағамызда бар.

Утегенов Арыстан Аскарович 1963 жылы 20 желтоқсанда Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Саршығанақ ауылында дүниеге келген. 1982-1984 жылдары отан алдындағы борышын аброймен атқарған. 1985-1997 жылдар аралығында Науырзым совхозында жұмысшы, тракторшы болып жұмыс атқарды.
1998-2001 жыл аралығында «Ақкөл» ЖШС тракторист болып қызмет жасады.

1989 жылы отбасын құрып үш бала дүниеге әкеп тәрбиелеп өсірген ардақты әке, немерелеріне ақсақалды асыл ата.

2010 жылдан бастап кәзіргі таңға дейін «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде тракторшист-күзетші болып жұмыс атқарады. Еңбек жолындағы марапаттарына тоқтала кетсек.

  • «Науырзым ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» Құрмет грамотасы 2018 жыл
  • «Орман шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі үшін» , «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының Құрмет грамотасы 2019 жыл

«Орман шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқаны үшін» , Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің төрағасының А.Қайнарбековтың 2020 жыл "Құрмет грамотасы" аты ұсынылады.

Құрметті Арыстан Аскарович! Сіздің еңбегіңіз – елге өнеге, ұрпаққа үлгі. Жұмысыңызға сәттілік, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru