Переключение языков

Жыл сайын көктем айларында басталып, жазға дейін созылатын маусымдық акцияның берері мол. Өскелең ұрпақты табиғатты аялай біліп, барды бағалауға шақыратын, қоршаған ортаны ластамауға, керісінше тазалауға, қорғауға үндейтін бұл акция жасты ғана емес жасамысты да жақсылыққа, сауапты іске жетелейді.

Осындай жақсы бастамамен Науырзым қорығының қызметкерлері қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және өз өлкесінің табиғи байлықтарын көбейтуге ат салсыуға қатыстыру және жасөспірімдердің бойында табиғат және мәдени қадір-қаситеке деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында, мамыр айының 24 жұлдызында Әулиекөл ауданы Сьянов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Саябақтар шеруі» атты акциясы аталып өтті. Әзірленген бағдарлма барысында қорық қызметкерлері Науырзым қорығының тарихы, жетістіктері туралы слайд шоу көрсетіп, балалардың дайындаған шағын концертін тамашалады. Концерттік бағдарлама осы мектепке алғаш қадам басқан кішкентай бүлдіршіндеріміз, өздерінің тақпақтарынмен бастады. Өзінің шығарма өленімен ерекше көзге түскен 10 сынып оқушысы Айтмухан Дариғаға алғысымыз шексіз. Шығармашылық жолында өнері өрге тасысын дейміз.
Алғырлық танытқан оқушылар Науырзым қорығының сый-сияпатына бөленіп, сыйлықтармен марапатталды.
Жаймашуақ көктеммен бірге келетін табиғатты қорғау акциясы – Елбасының жаңа мақаласында айтылған Жер ананы қорғау идеясымен үндеседі. Иә, тұлпарлар тұяғы ғана таптаған ен даланы құрдымға кетірмей, аман сақтап қалу – баршамызға парыз.

Ізбасарова Ә.Ж.
Науырзым қорығы
экоағарту бөлімінің бастығы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru