Переключение языков

Атадан-балаға жалғасқан мұра

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.

Туған жеріміздің алтын айнасы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының 90 жылдық мерей тойына арналған осы мақалада 30 жыл еңбек етіп атадан-балаға мұра ретінде жалғасын тапқан Бекеновтар отбасы туралы.

Бекенов Өтебай Науырзым қорығы Сып-сын орманшылығында 1940 жылдан бастап қорықшы болып еңбек жасаған. Бекен әкесі Өтебай қайтқаннан кейін, жас болсада жұмысқа беріліп еңбек жолын ертерек бастаған. Ол заманда техника құралдары жоқ, жұмыс жасау үшін ауыр кезең болатын. Өзінің қызметтік міндетін орындауда салт атпен орман аралап, қай жерде құстың ұясы бар бәрін нақты білетін. Балаларын қасына ертіп, ат арбаға отырғызып алып, бәрін көрсетіп бала кезден баули бастаған. Әкемізден орақпен шөп шауып, көлдерді аралап құстарды санап түрін ажырату сынды жұмыстарды көріп үйрендік. Ол кезде қыста, қар көп, аязды, боранды болсада шанамен, жем тиеп алып қыстан аман шығулары үшін шошқаларға бидай шашамыз. Қолмен шөп шауып, аңдарға қысқа шөп дайындайтынбыз. Қыстың күндері бүршік теруге апаратын. Бүршікті, ағаш басынан ұзын ағаш сапты шотаяқпен түсіреді. Біз сол жерге түскен бүршіктерді жинап тапсырамызда, соған бізге ақша төлейтін. Ол бүршікті кептіріп тұқым алады. Әкем табиғатты жақсы көріп, ерекше көңіл бөлді.

Науырзымда халық көп тұрды, ол кезде аудандық орталық болатын. Қорық ерекше қорғалатын табиғи аумақ болғасын ерекше қорғау қажет, сол себептен таңертеңмен орманға мал кіргізбеу үшін таңертең атпен орманды аралап, аң құстардың тыныштығын бақылап, жұмысын атқаруға кететін. Ол кезде көлде су мол, құс деген көп болатын. Қайықпен жүріп ау құрып, балапандарды ұстайды. Олардың аяқтарына сақина салады, салмағын өлшейді. Қанатының ұзындығын, тұмсығының ұзындығын өлшеп қойын дәптеріне жазып қоятын. Өжет, батыл кісі болды Ер қанаты ат дегендей қорықшыларға мінетін 4-5 жастағы асау аттарды әкем Өтебай үйрететін. Осындай адал еңбегі үшін, бірнеше мадақтама қағаздар алып, қымбат сағатпен және «Жақсы қорықшы» медальімен марапатталды. 1970 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты - деп сөзін аяқтады Рахан ағамыз.

30 жыл арқа сүйеп соңынан еріп, көзбен көріп өскен атадан балаға демекші қазіргі таңда Өтебайұлы Рахан, Оразхан, Нұрлан және ата жолын қуып немерелері Нұрланұлы Жасұлан, Еркебұланда қорықтың таза табиғатын сақтап, келешек ұрпаққа аманат ретінде қалдыру үшін еңбек атқаруда.

«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн- деп ақыл кенес берді ағамыз.

Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмасы хақ.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru