Переключение языков

Жер бетінде, адамзатының қолы тимеген жер өте аз.

Ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан планетамызға жағымсыз әсері жыл сайын арта бастады. Болашақ ұрпаққа табиғатты қаз қалпында сақтап қалу үшін, ұлттық табиғи саябақтар мен табиғи қорықтардың ролі зор. Мемлекеттік табиғи қорық- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қазақстанда 10 қорық, және 12 Ұлтық табиғи парк бар.

Соның бірі Наурызым ауданында орналасқан Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Еуразияның ең көне қорықтарының бірі.  Қорық Қостанай облысындағы Науырзым және Әулиекөл аудандарының аумағында 1931 жылы құрылған. Әуелде бұл қорық Қазақстанның жазық даласының оңтүстігіндегі Наурызым қарағайлы орманын сақтап қалу мақсатымен құрылған еді. Қазіргі басты мақсаты Солтүстік Қазақстан даласының сирек кездесетін,өзгеше табиғи кешендерді,өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтап қалу болып табылады. Қорықтың ерекшелігі далалы, орманды, сортаңды, батпақты, шалғынды құмды өсімдіктердің түскен жері. Наурызым қорығының сұлулығын көркейтетін кәдімгі қарағай, көктерек және қайыңнан туратын орман шоқтары, және де қорық аумағында өсімдіктің 687 түрі, құстардың 318 түрі жануарлардың 46 түрі мекендейді. Жыл сайын экотуризмді дамыту қолға алынуда.
Еліміздегі мемлекет қарауындағы он шақты табиғи парктер мен қорықтарда жабайы жануарлардың жүздеген, өсімдіктердің мыңдаған түрлері қорғалады. 

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Ж.Аманбаева

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru