20 ақпан 2023 жылы экология ағарту бөлімінің мамндары Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде 5 сынып оқушыларына «Біз бәріміз табиғатқа жауаптымыз» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау, табиғат тіршіліктің тірегі тақырыптары бойынша мәлімет беру, Қазақстанның көрікті жерлері, қорықтары, қызыл кітап туралы мәлімет ала отырып, әр түрілі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ойлау қабылетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
7 ақпан күні Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының экология ағарту бөлімнің мамандары Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына «Табиғатым тал бесігім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының басты мақсаты – оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті және табиғат құбылысында болатын амалдар туралы түсінік қалыптастыру. Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
2-ші ақпан «Сулы-батпақты аймақтар» күніне орай Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми бөлімінің аға қызметкері Батряков Р.Р., экология ағарту бөлімінің мамандары Шалдыбаева Ж.А., Төңкерхан М. балалар шығармашылық үйінің оқушыларына «Қазақстанның сулы батпақты аймақтары» тақырыбында іс шара өткізді.
Для Республики Казахстан Рамсарская конвенция вступила в силу 2 мая 2007 года. На сегодняшний день в стране имеются 10 объектов, включенных в международный список. Их общая площадь составляет 3281398 га. На территории Кустанайской области имеется 4 объекта признанные Рамсарскими угодьями. Среди них: Наурзумская система озер, Кайбагор-Тюнтюгурская, Кулыколь-Талдыкольская и Жарсор-Уркашская системы озер. Это самое большое количество ВБУ международного значения по сравнению с другими регионами нашей страны.
"Парктер шеруі - 2021" халықаралық табиғат қорғау акция аясында Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің және Докучаев жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы мұражайында "Көктем көркі Қызғалдақ" атты байқауын өткізді.