Переключение языков

Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кемде емес.

Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларымыз Аманбаевтар отбасы туралы болмақ.
Аманбаев Қайыржан Ахметұлы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Науырзым ауылында дүниеге келген. Орта білімді Науырзым орта мектебінде білім алған. 1958 – 1962 жж. Совет армиясы қатарында, Отан алдындағы борышын атқарды.
Жұбайы Нурмухамбетова Зейнекүл Бегайдарқызы 1947 жылы 28 маусымда Қамысты ауданы, Краснооктябрь ауылында дүниеге келген.
Краснооктябрь орта мектебін 1964 жылы аяқтап, осы жылы «Кооперативный техникум»-ға оқуға түскен. 1965 жылы мамыр айында Науырзым ауданына оқу орнының бағдарлауы бойынша практика өтуге келіп, осы ауданда болашақ жарын кездестіріп құдайдың қалауымен Аманбаев әулетіне қалай келін болып түскенін әңгімеледі.

Оқудың тек 1 жылын аяқтап, дүкенші дипломын алдым, ары қарай оқуды жалғастыра алмадым. 15 жыл ескі Науырзымда тұрдық. Сол жақта үлкен балаларым Мадина, Аманжол, Карима, Бағила, Гүлназ, Қайрат, Бағдат дүниеге келді. 1980 жылы жолдасымның жұмыс бабымен Қарамендіге көшіп келдік. Бұл аудан орталығы болатын. 1980 жылдың маусым айында Науырзым қорығына кассир болып жұмысқа орналастым. 1987 жылы лауазымым артып кассир-бухгалтер болып жұмыс атқардым. Осы ауданда дүниеге келген балаларым: Біржан, Алтай, Жадыра. Кенже қызым туғанда «Ардақты ана» төс белгісін алдым. 1992 жылы наурыз айында құрметті демалысқа шықтым. Жұбайым Қайыржанмен 45 жыл отастық, 2009 жылы қараша айында қайтыс болды.

Отағасы 1970-1994 жж. аралығында Науырзым қорығында радист, жүргізуші болып жұмыс істеді. 1980 жылы «Орман қызметкерлері күніне» орай құрмет грамотасымен марапатталды.
1987 жылы көпжылдық адал қызметі үшін Социалистік Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесі Төралқасынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Апамыз Зейнекүл екеуі дүниеге 10 бала әкеліп, ұлағатты ісімен де, сөзімен де жақсы тәрбие беріп, жоғары білім алуларына елінің елеулі азаматтары болуларына өз өмірін арнады. 18 немеремен 5 шөберенің қызығына бөленіп отырған асыл әже.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru