Переключение языков

Еңбек ардагері - ел мақтанышы
Адамды адам еткен - еңбек! Ол - дәуірлер бойы дәлелденіп келе жатқан дүние. Ердің елге танылуы да сол еңбектің арқасы.

Оның айғағы - қазіргі қоғамда өзіндік орны бар еңбекқор жандар. Ұзақ жылдар бойы еткен ерен еңбегінің жемісін көріп, талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің арқасында жас ұрпаққа үлгі болып отырған Науырзым өңірінің тау тұлғаларының бірі – Байтұяқов Мәлік Садуақасұлы туралы әңгіме қозғалмақ.
Байтұяқов Мәлік Садуақасұлы 24.07.1955 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданы, Науырзым ауылында дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті тәмамдап 1973-1975 жж. аралығында Красноярск қаласы Шығыс-Сібір әскери округінде азаматтық борышын атқарған. Үш буынға жалғасын тапқан қорықшы қызметін ағамыз 1977 жылы Науырзым қорығында жұмысшы болып бастап, 1978 жылы қорықшы қызметіне ауыстырылған. Жарты ғасырға жуық тер төккен тау тұлға еңбек жолында талай белестерге жетіп, ұлағатты ұстаз ретінде жас буынға өз білгенін үйреткен дана.
Жедел топта аға қорықшы болып қызмет атқарған кездерінде көптеген браконьерлердің жолын кескен табиғат жанашыры. 1991 жылы Ерекше қорғалатын табиғи аумақ Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығындағы сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жан-жануарларды қалпына келтіру және қорғау бағытындағы мерекелік іс-шараға, Науырзым қорығының атынан қорғау бағытында өз ісінің майталманы, білікті маман ретінде өз үлесін қосты. Қорықтың әр бұрышын жетік білетін маман. Туған жердің табиғатына жан тәнімен берілген патриот. Табиғат жылнамасындағы жануарлар әлемі бөліміне фенологиялық бақылау бойынша өз үлесін қосып ғылыми тұрғыда атқарған енбектері зор. Өрт болған жағдайда өрт сөндіру тактикасын жақсы меңгерген. Ұжым арасында еңбек сіңірген сыйлы азамат.
Науырзым қорығында 41 жыл үздіксіз еңбек етіп 2018 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. Ұзақ жылғы еңбегі үшін Науырзым қорығы директорының құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Ерінің ерен еңбегін елі ешқашан елеусіз қалдырмайды. Атап айтсақ 2013 жылы ҚР тұңғыш приздентінің «Құрмет грамотасымен», 2018 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің «Еңбек ардагері» медальімен марапатталды. 3 баласынан, 3 немере сүйген ардақты ата.
Осындай құрметті ағаларымыздың артынан табанын басып келе жатқан біздің әрбір қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері бәріміздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Сондықтан табиғатты қорғау - табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен - кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru