Ұлыстың Ұлы күні - әз Наурыз мерекесі қарсаңында "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы" РММ директорының орынбасары Мейрам Өтеуілұлы Шалдыбаев Қараменді ауылының тұрғыны жалғызбасты ана Муканова Гүлнар апамыздың үйіне барып, Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - демекші қол ұшын беріп, қайырымдылық іс шараға ат салысып отырған мұндай игі іс шаралар әлі де жалғасын табатын болады.