Переключение языков

Қызғалдақтың көктеуі көктемнің жаршысындай. Ол көктемді қарсы алып, жазды шығарып салатын бірден-бір әсем гүл. Қазақстанның жабайы табиғатында қызғалдақтың 34 түрі өседі.

Оның 12 эндемикалық, яғни тек қана Қазақстанның жабайы табиғатына ғана тән өсімдіктер. Ал Наурызым қорығында қызғалдақтың 4 түрі кездеседі. Атап айтар болсақ, шренк қызғалдағы, қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдағы, биберштейн қызғалдағы. Бұл қызғалдақтардың 4 түрі де «Қызыл кітапқа» енгендіктен ерекше қорғауға алынған, жұлуға рұқсат етілмейді. Жұлған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi тарапынан жазаланады.

Ғалымдардың айтуынша Қызғалдақтың пиязшығы Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстаннан Түркияға, одан әрі Голландияға кеткен көрінеді. Шындығында аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Қазақтың дархан даласынан тараған қызғалдақ ертеректе көбейіп, көпке қуаныш сыйласа, ал бүгінгі күні оның саны күрт азайып кеткен. Көз тартар керемет көркем қыр гүлін шамамыз келгенше жұлмай тамашалауға да болады. Сөз соңында айтарымыз қыр гүлінің ғұмыры ұзақ болғай демекпіз.

«Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru